«Әлеуметтік инклюзия» жобасы аясында М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенттері мен оқытушылары Д.С.Сыздықова мен А. П.Лялкованың жетекшілігімен «Арман» Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Топ құрамына үшінші курс студенттері - болашақ бастауыш сынып мұғалімдері, «Шетел тілі мұғалімі» мамандығының түлектері, сондай-ақ «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының бірінші курс студенттері кірді. Сапардың мақсаты осы мекеме жұмысының ерекшеліктерімен, тұру және оқуды ұйымдастыру шарттарымен, ең бастысы – интернат тәрбиеленушілерімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігімен таныстыру болды. Орталық қызметкерлері колледж студенттерін жылы шыраймен қарсы алып, мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері мен өмір сүру жағдайлары туралы қызықты және өте танымдық экскурсия өткізді. Студенттер осы мекеменің жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес қалай жүзеге асырылатындығына көз жеткізе алды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға шынайы қызығушылық таныта отырып, студенттер инклюзивті білім беру кезінде жиі және өткір болатын сұрақтар қойды. Қайырымдылық көмек ретінде қонақтар интернат тәрбиеленушілеріне сыйлықтар (кеңсе керек-жарақтары) табыс еттілді. Балалар колледж студенттерін жылы қабылдады, өздерінің жетістіктері, жеңістері туралы айтып, болашақ жоспарлары мен армандарымен бөлісті. Сыздықова Д.С. және Лялкова А.П. «Арман» Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігіне мүмкіндік бергені және жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіреді.